АҚШ-та бір аптада 18 мың адам көз жұмды

Америкада өткен аптада 18 мың 400 адам коронавирустан бақилық болды.

Алматы, NEGE. Дегенмен, бұл антирекорд емес. Өткен жылдың желтоқсанында АҚШ-та 78 мыңға жуық азамат көз жұмған. Сөйтіп, бұл індет басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш болған еді. Ал вирус жұқтыру деректеріне келер болсақ, ресми мәлімет бойынша соңғы жеті күнде ол 16 жарым процентке артқан. Науқастардың көптігіне байланысты бүгінде ауруханаларда бос орын жоқтың қасы. Қазірдің өзінде елде 126 мыңнан астам науқас қажетті ем-дом алып жатыр екен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?