АҚШ-та вирус құрбандарының есімі New York Times бетінде жарияланды

АҚШ-тың «Нью-Йорк Таймс» басылымы соңғы шығарылымының алғашқы бетін «КОВИД-19» құрбандарына арнады. Газетте коронавирустан көз жұмған америкалықтардың тізімі жарияланды.

Алматы, NEGE. Марқұмдардың аты-жөнінен бөлек олардың жасы, тұрғылықты мекенжайы мен қызметі жайлы мәлімет көрсетілген. Айта кеткен жөн, АҚШ-та  1 миллион 600 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Олардың 97 мыңнан астамы көз жұмды. 22 мамырда президент Дональд Трамп індет құрбандарын еске алу үшін барлық федералдық ғимараттар мен ұлттық монументтердегі мемлекеттік туды 3 күнге төмен түсіруді бұйырған еді. 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды