АҚШ-та тұншықтыру әдісін қолданған полицей қызметінен шеттетілді 

Нью-Йорк полициясы басқармасы өз қызметкерлерінің бірін тұтқындау кезінде тұншықтыру әдісін қолданғаны үшін жұмыстан шеттетті.

Алматы, NEGE. Оқиға жағажайда болған. Патрульде жүрген бір топ тәртіп сақшысына 3 адам тіл тигізіп, ашуларын келтірген. Осыдан кейін тәртіп сақшыларының бірі аса дөрекілік танытқан афроамерикалықты ұстап, тұншықтырған. Тек әріптесінің сабырға шақыруынан кейін ғана адамды босатқан. Бұл оқиға полицейлердің киіміндегі бейнекамераға жазылып қалады. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, Нью-Йоркте полицейлердің күдіктілерді ұстау кезінде тұншықтыру әдісін қолдануға тыйым салынған. 

Қазір оқып жатыр

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған

Новороссийск портына шабуыл жасалды: Қазақстан мұнай экспортына зиян келді ме?