АҚШ-та Трамп пен Байден жақтастарының шерулері жиіледі

АҚШ-та бюллетендерді санау жалғасып, жағдай шиеленісіп барады.

Алматы, NEGE. Кей қалаларда Президент Дональд Трамп пен Джо Байденнің жақтастарының шерулері жиілеген. Детройт қаласының орталығына қос кандидатты қолдаушылар жиналып, бір-біріне айқайлап, бетпе бет келген. Ал Аризона штатынының орталығы Фэникс қаласында Трамптың жақтастары санақ жүріп жатқан ауданға жиналып, процестің ұзаққа созылғанына наразылық танытуда. Пенсильванияда да осындай жағдай. Ахуалдың шиеленісуіне байланысты штат орталығында қауіпсіздік шараларын күшейтілген.

Шеруге шыққан Джери: "Мен неге Трампты қолдаймын. Өйткені ол – Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольннен кейінгі елімізді басқарып отырған ең мықты президент. Менің ойымша, санақ әділ жүруі тиіс. Біз алаяқтыққа жол бермеуіміз керек. Тіпті қарсы тарап та оның әділдігіне күмәнданса, наразылық танытуы тиіс. Себебі бұл – Америка қоғамына жат қылық", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған