АҚШ-та төтенше жағдай

АҚШ-тың Миссисипи штатында төтенше жағдай тәртібі енгізілді.

Алматы, NEGE. Оған нөсер жауын себеп болған. Соның салдарынан өңірді су басқан. Әсіресе штат астанасы Джэксон қаласындағы жағдай қиын болып тұр. Мұнда өзендегі су деңгейі 11 метрден асып кетіп, арнасынан тасыған, деп хабарлайды «Хабар 24».  Соңғы рет мұндай көрсеткіш 1983 жылғы тасқын кезінде тіркелген екен. Жолдарды су басқан. Сондықтан тұрғындар қайықпен қатынауға мәжбүр. Шаһар қапталындағы бірнеше ауданда эвакуация жүргізіліп жатыр. Ал билік нөсер толастамаса, 3 жарым мыңнан аса ғимаратқа нұқсан келуі мүмкін деп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді