АҚШ-та торнадодан екі адам қаза тапты

АҚШ-та торнада дауылы болды.

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Техас, Оклахома және Луизиана штаттарында торнадо соғып, 2 адам опат болды. Ондаған адам жарақат алды. Алдымен Техастың солтүстігі мен оңтүстігінде бірнеше рет құйын көтеріліп, көптеген үй мен ғимаратты талқандап кеткен. Аймақта 120 мыңдай тұрғын жарықсыз қалды. Оклахоманың оңтүстігінде де осындай жағдай. Көптеген ғимарат қирады. 

Лорен Рутледж, тұрғын:

- Алдында үйдің терезелері сылдырады. Содан торнадоның келгенін біліп, бірден жуынатын бөлмеге барып тығылдық. Өйткені Техаста мұндай бөлмелер мықтап салынады. Торнадо бар-жоғы 25-30 секундтай соққанымен айналаның бәрін тас талқан етті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді