АҚШ-та Starbucks-тың кофеханалары жабылып жатыр
«Starbucks» компаниясы өзінің 16 сауда орталығын жапты.
Алматы, NEGE. Себебі кофеханаларды тонау оқиғалары жиілеп кеткен. Келушілер арасында есірткі қолданатындардың қатары да артыпты. «Қызметкерлерге қауіп төнгендіктен осындай шешім қабылдауға тура келді», – дейді компания басшылары.
Енді Сиэтл қаласында Старбакстың 6 кофеханасы жұмыс істемейді.
Тағы 10-ы Лос-Анджелес, Портлэнд, Филадельфия мен Вашингтондағы жұмысын тоқтатады. Ал ондағы қызметкерлер басқа орындарға ауыстырылмақ. Айта кетейік, «Старбакстың» 80 елде 30 мыңнан астам кофеханасы бар. Оның 9 мыңға жуығы АҚШ-та орналасқан.