АҚШ-та саяси науқан басталады
Қарашаның сегізінде Парламентаралық сайлау өтеді. Конгрестің қос палатасына Сенат пен өкілдер палатасының депутаттары сайланады, деп хабарлады «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Сарапшылар Конгрес сайлауы Байден әкімшілігі үшін сынақ болатынын айтады. Сайлау нәтижесі бойынша АҚШ Конгресінің құрамы жаңарады. Өкілдер палатасының төрт жүз отыз бес мүшесі және сенаттағы жүз орынның үштен бірі яғни 35 адам жаңарады немесе қайта сайланады.
Сондай-ақ, сегізінші қарашада 36 шататтың губернаторы, бас прокурорлар және заң шығарушы органдардың мүшелері сайланады. Президент өкілеттігінің ортасында дәстүрлі түрде өтетін бұл науқан «Аралық сайлау» деп аталады. Оның нәтижесі бойынша алдағы екі жылда Конгресте кімнің дауысы басым болатыны белгілі болады әрі 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға сынақ іспеттес.
"Жалпы мұндай аралық сайлауда электорат аса белсенділік таныта қоймайды. Бірақ, Жоғарғы соттың түсік жасатуға тиым салған шешімі әйелдер арасындағы белсенділікті арттырады"- дейді сарапшылар.