АҚШ-та миллиондаған адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың оңтүстігіндегі қарлы боран салдарынан 21 адам мерт болды, миллиондаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ВВС.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Бәрінен Техас штаты қатты зардап шекті, ондағы энергожүйе тұтыну көлемінің бірден өскенін көтере алмайды.

АҚШ-тың оңтүстік аймағы үшін ерекше болған ауа райы салдарынан Техас, Луизиана, Кентукки, Солтүстік Каролина және Миссури штаттарының біршама тұрғындары қаза тапты. АҚШ-тың оңтүстік өңірлеріндегі рекордтық суық температура әлі бірнеше күн жалғасады деген болжам бар. Қазір Америка аумағының 71%-дан астамын қар басып жатыр.