АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беруге 10 млн-нан астам азамат қатысты  

АҚШ-та президенттік сайлауға байланысты мерзімінен бұрын дауыс беруге 10 миллионнан астам америкалық қатысты.

Алматы, NEGE. Бұл 2016 жылғы сайлауға қатысқан азаматтардың 7%-і. Көптеген штатта сайлау учаскелерінің алдында ұзын-сонар кезек болған. Ал Виргиния, Флорида және Джорджия штаттарында тіпті рекордтық келу тіркеліпті. Санға салсақ, тек Джорджияның өзінде мерзімінен бұрын дауыс берудің алғашқы күні 130 мыңдай адам өз таңдауын жасаған.