АҚШ-та коронавирусты 6 млн адам жұқтырған
АҚШ-та коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 6 миллиондық межеден асып кетті. Сөйтіп әлемдегі шамамен әрбір төртінші оқиға осы елде тіркеліп отыр.
Алматы, NEGE. Ал мұнда індеттен көз жұмғандардың саны 188 мыңға жуықтайды. Ең көп оқиға Калифорния, Техас, Флорида және Нью-Йорк штаттарында тіркелген. Бүгінде АҚШ расталған деректер саны бойынша да, кісі өлімі бойынша да әлемде бірінші орында тұр. Бірақ президент Дональд Трамптың айтуынша, тамызда індетті жұқтыру деңгейі шілдемен салыстырғанда, 38 процентке азайған екен.