АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асты 

Оның 30 мыңға жуығы Нью-Йоркте қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Джонс Хопкинс университетінің дерегі осындай.

Алматы, NEGE. Қазір Америка – әлем бойынша індеттен ең көп зардап шегіп отырған ел. Осы уақытқа дейін мұнда 1 миллион 700 мыңнан астам азамат вирус жұқтырған. Дертінен құлантаза айыққандар да аз емес. Індет басталғалы бері 480 мыңдай азамат қауіпті инфекцияны жеңіп шығыпты. Айта кетейік, бүгінде дүние жүзі бойынша 5 миллион 700 мыңдай вирус жұқтыру дерегі тіркелген. 350 мыңнан аса кісі қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды