АҚШ-та коронавирус құрбандары артып жатыр

АҚШ-та індет ілмегіне ілінгендер аз емес. Мұнда соңғы 24 сағатта 900 адам бақилық болды. Ал қаза тапқандардың жалпы саны 5 мыңнан асады.

Алматы, NEGE Науқастар саны 200 мыңға жеткен. Ауру жұқтыру деректері барлық штатта тіркелген. Тек Нью-Йорктің өзінде олардың саны 50 мыңға таяу. Науқастардың көптігіне байланысты қазір АҚШ-та дәрігерлер тапшылығы мен ауруханадағы орын мәселесі өзекті. Нью-Йорк басшысының сөзінше, Нью-Йорктің өзіне қосымша 65 мың орын қажет. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио: "Өкінішке қарай, науқастар саны күн өткен сайын артып жатыр. Сәуірдің соңына дейін бізге 65 мың орындық емхана салу қажет. Қазір тек 20 науқасқа арналған медициналық мекеме дайын тұр" деді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды