АҚШ-та қазақстандық әйелді атып өлтірді

Сот-медициналық сараптама әйелдің 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтады.

Алматы. NEGE. «Биыл 16 ақпанда Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Жергілікті полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, жерлесіміз оқ жарақатынан өз көлігінде қаза тапқан», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, күдікті қамауға алынды.

«Қазақстан Республикасының консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», - дейді Сыртқы істер министрлігі.