АҚШ-та қарлы боранда тоғыз адам қаза тапты

АҚШ-та қарлы боран соғып, тоғыз адам қаза тапты

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, 1 миллионнан астам үй жарықсыз қалды.

АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, боран елдің басым бөлігінде аптаның соңына дейін жалғасады. Арктикалық фронттың ығысуына байланысты елдің шығысы мен орталығында күн қатты суиды.