АҚШ-та IndyCar маусымы басталады

«Индикар» маусымы қайта жанданады. Коронавирус пандемиясына байланысты спорттың бұл түрінен өтетін жарыстар кейінге қалдырылған еді.

Алматы, NEGE. Енді келесі бәйге Техас штатындағы Texas Motor Speedway трассасында өтететін болды. Дегенмен, шараға көрермендер жіберілмейді. Жарыс қатысушылары мен ұйымдастырушыларының барлығы  «КОВИД-19» вирусын анықтауға арналған тест тапсыруы тиіс. Санитарлық шаралар да міндеттеледі. Германияда ұзақ уақытқа созылған шектеуден кейін алғаш рет Deutscher Galopp (Дойчер Галоб) ат жарысы өтті. Дегенмен, пандемиялық қауіпке байланысты іс-шарада көрермендер болмады. Бәйге тікелей эфир арқылы көрсетілді. Ендігі жарыс бүгін Кёлн қаласында өтеді. Онда алдын ала барлық дезинфекциялық жұмыстар жіті жүргізілген. Сондай-ақ қатысушылар мен ұйымдастырушылар коронавирусқа тест тапсырды.   

Қазір оқып жатыр

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды