АҚШ-та бес жүз мың оқушы сабаққа бара алмай отыр
Лос-Анджелесте жарты миллионға жуық оқушы сабаққа барған жоқ, деп жазды
24.kz.
Алматы, NEGE. Себебі мұғалімдер 3 күндік ереуілге шыққан. Наразылық акциясына қатысушылар биліктен жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Штат басшылығы мәселені «кәсіподақтармен талқылауға дайынбыз»,- деп хабарлады.
Финдли Бантинг, мұғалім:
- Мектептерді қаржыландыру көлемі көп жылдан бері ұлғайтылмай келеді. Ал білім орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы келіссөздің басталғанына 1 жылдай уақыт өтті. Бірақ әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Сондықтан ереуіл жариялап, биліктен мәселені шешуді талап етуді жөн көрдік.