АҚШ-Қытай қатынасы ушығуы мүмкін

Қытай Гонконгтегі ереуілшілерге қолдау көрсететін заң қабылдағаны үшін АҚШ билігіне қатаң ескерту жасады. «Қытай үкіметінің басқаруындағы қаланың ішкі шаруасына араласу – Американың қиындықтарға тап болуына алып келеді» деп ескертілген ресми мәлімдемеде.

Алматы, NEGE. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен арадағы маңызды келісім-шартты қабылдамай тұрып, сәрсенбі күні Гонконг халқының наразылықтарын қолдайтын Конгресстің заңдық ұсыныстарына қол қойған болатын.

Трамптың бұл қадамына Пекин билігі жедел әрі қатаң жауап қатты. «Егер ресми Вашингтон Гонконгке қатысты осылай «ойланбай шешім» қабылдай берсе, қытайдың контршарасының нәтижесіне ұшырайтын болады» делінген хатты Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн елдегі АҚШ елшісі Терри Бранстеданы шақыртып алып, табыс етті.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты