4 января 2020 г. 11:22

АҚШ-Иран соғысы басталды ма?

Фото:

Иран генерал Сулейманидің өлімін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Иран генералы Кассем Сулейманийдің өлтірілуін соғыс жариялаумен теңестіруге болады. Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи CNN-ге берген сұхбатында хабарлады. Тұрақты өкіл бұл оқиғаны «Америка Құрама Штаттарының Иран халқына қарсы соғысы» деп атады және әуе шабуылын «Иранға қарсы соғыстың басталуына сәйкес келетін жаңа бөлім» деді.

Тахт-Раванчи сонымен бірге, Иран тарапынан «қазаның қайтарымы» болатынын айтқан. «Ираннан тағы не күтуге болады? Біз жай ғана үнсіз бола алмаймыз. Біз әрекет етуіміз керек және әрекет етеміз», - деді ол.

3 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Бағдат халықаралық әуежайына жасаған зымыран шабуылында Кассем Сулеймани мерт болды. Оны көзін жою туралы бұйрықты Дональд Трамптің өзі берген.

 

Тегтер: