«Ақшаны үйінде вазаның ішінде сақтаған» – Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК

Алматы, NEGE. «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды», – делінген хабарламада.

ҰҚК тінту жүргізу сәтінен видеожазба жариялады. Кадрларда вице-министрдің ірі көлемдегі ақшаны үйіндегі вазаның ішінде тығып сақтағаны анық көрінеді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады