Ақша талап етуде: Алматыда «миналанған» мектептер саны 12-ден 34-ке артты

Алматыда белгісіз адам жарылғыш зат қойылғаны туралы хатты 34 мектепке жіберген, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта қаладағы 34 жалпы білім беру мекемесіне осындай хабарламалар келіп түсті. 18 мектеп тексерілді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін, Алматының 12 мектебінде жарылғыш заттар іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса мектептерді жарып жіберетінін айтқан. Қазіргі кезде саперлер ғимараттарды тексеріп жатыр.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама қалдырған адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті