3 июля 2023 г. 19:51

Ақша бопсалау күдігі бойынша «ҚазАвтоЖолдың» бірнеше қызметкері ұсталды

Фото:

2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.

Алматы, NEGE. Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Тегтер: