Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 498 — 506 теңгеден саудаланып жатыр.

ашық дереккөз

Алматы, NEGE. Ұлттық банктің 16 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 505,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,89 теңге. Еуро — 550,31.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 542 — 548 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,70 — 5,85 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,13 теңгеге қымбаттап, 504,72 теңге болған.

Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді