Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қанша?

Қазақстанның ірі қалаларында доллар бағамы тұрақты түрде өзгеріп отыр.

Shutterstock

Алматы, NEGE. Ұлттық банктің 18 қаңтарға белгілеген ресми бағамы бойынша, 1 доллар – 530,12 теңге. Ресей рублінің орташа құны – 5,17 теңге, ал еуро – 546,08 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар 530,8 теңгеден сатылса, сатып алу бағамы – 533,1 теңге. Еуро 545-549 теңге аралығында саудалануда.

Астана қаласында долларды сату бағамы – 530,5 теңге, ал сатып алу бағамы – 534,8 теңге. Еуроның сатылу құны 545 теңгеден басталып, 549,8 теңгеге дейін жетеді.

Ресей рублі қазіргі таңда 5,09-5,22 теңге аралығында саудалануда.

Айта кетейік, 17 қаңтардағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,51 теңгеге қымбаттап, 530,22 теңгені құраған.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының болжамы бойынша, 2025 жылы доллар бағамы 545 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар, Ұлттық банк алдағы уақытта валюта айырбастауға қатысты жаңа ережелерді енгізуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты