АҚШ жаңа қаруын көрсетті

АҚШ әскерилері жасанды интеллект арқылы адам көмегінсіз шабуыл жасай алатын  CLAWS жобасындағы сүңгуір қайығын сынақтан өткізіп жатыр.

Алматы, NEGE. Сүңгуір қайық құжат бойынша су асты қару жүйесі ретінде көрсетілген. Ерекше техника 2023 жылы қолданысқа енуі мүмкін, деп хабарлайды New Scientist басылымы.

Әлемде теңдесі жоқ сүңгуір қайық су асты шахталарын жойып, кемелер мен сүңгуір қайықтарға бағытталған миналарды да залалсыздандыра алады. Сондай-ақ, жүру бағыты мен түрлі моневрларды да өздігінен игереді.

Вашингтон мұндай суасты қайықтарын 2028 жылға қарай гипердыбыстық  зымырандармен жабдықтайтынын ақпан айында мәлімдеген болатын. Бұл мақсатқа керек қаржыны 2021 жылдың әскери бюджетіне енгізу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?