АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жібереді

АҚШ әкімшілігі 1 маусымда Украинаға 11-ші әскери көмек пакетін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Оның жалпы сомасы – 700 миллион доллар. Құжат бойынша, HIMARS зымыран жүйелері, радиолокациялық станциялар, тікұшақтар, автомобильдер және танкке қарсы қарулар, Javelin кешендері, бұрын жеткізілген техниканың қосалқы бөлшектер жіберіледі.

Өткен аптада АҚШ Украинаға жеткізілетін әскери көмектің жаңа пакетін жариялау туралы шешім қабылдады. АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Киевке ұзақ қашықтықтағы зымыран жүйелерін жіберуді көздеп отыр. Құрама Штаттар "Украинаның әскери күштері бұл қаруды Ресейге шабуыл жасау үшін қолдануы мүмкін" деп бермей келген еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді