АҚШ Украинаға БҰҰ арқылы гуманитарлық көмек бөледі

АҚШ БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы Украинаға 50 млрд доллар гуманитарлық көмек бөлмек.

Алматы, NEGE. Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Польша президентімен өткен баспасөз көнференциясында хабарлады. Ал кеше Лос-Анджелес қаласынан украиналықтарға қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар бөлінді. 200 қорап жүк жақын арада Украинаға жөнелтілмек. Мамандардың айтуынша, гуманитарлық көмектің құны 10 мың доллар шамасында болады.

Пол Х. Уоткинс, медициналық орталықтың басшысы:

- Жарақат алғанда керек болатын медициналық дәрі-дәрмек, бинт пен хирургияда қажетті заттарды жөнелтеміз. Барлығы өзіміздің ауруханамыздың қорында төтенше жағдай үшін жиналған. Қазір бұл препараттар бізден гөрі украиналықтарға аса қажетті деп ойлаймын.   

Қазір оқып жатыр

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?