АҚШ Украинаға 450 миллион доллар тұратын әскери көмек бөледі

АҚШ Украинаға 450 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек бөлетінін жариялады.


Елорда, NEGE. Бұл туралы Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық байланыс жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби мәлімдеді. Жаңа көмек бойынша Украинаға «Химмарс» деп аталатын дүркіндетіп ататын реактивті жүйе, зеңбірек оқтары және патрульдік қайықтар жіберіледі.

Бұл көмек Украинаға қару-жарақты жеңілдетіп жеткізуге мүмкіндік беретінен ленд-лиз бағдарламасына жатпайды. Жалпы, АҚШ Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Киевке 6 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды