АҚШ Түркияға қарсы санкциялар енгізді

Шектеу шаралары өткен жылдың ортасында Ресейден «С-400» зениттік зымыран кешенін сатып алуға байланысты қабылданған.

Алматы, NEGE. Санкцияларға сәйкес, Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі басқармасына АҚШ-та экспортқа арналған лицензиялар мен рұқсаттар беруге тыйым салынды. Сондай-ақ аталған басқарманың басшысы Исмаил Демир мен 3 қызметкерінің Құрама Штаттардағы активтері бұғатталды.

"НАТО-дағы одақтасымыз – АҚШ-тан санкциялар емес, біздің аймақта бүлік тудырғалы отырған террористік ұйымдарға қарсы ортақ күресте қолдау күтеміз. Біздің ел ешқашан көршілерімен немесе басқа елдермен қақтығысқа бармайды. Біз тұтас аймағымыздың, сондай-ақ әлемнің болашағы үшін күресіп жатырмыз. Бірақ бұл біз үнсіз отыра береміз дегенді білдірмейді. Басқаларға құқығымызды таптауға жол бермейміз", - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды