АҚШ Тоқаевтың саяси реформаларын толығымен қолдайды

АҚШ Мемлекет басшысының саяси реформаларын толығымен қолдайды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Алматы, NEGE. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары өтті.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Энтони Блинкенмен кездесу аясында тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ екіжақты саяси диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Елдер арасындағы, әсіресе ынтымақтастықтың экономикалық және инвестициялық салаларындағы қатынастардың барлық кешенін одан әрі жандандыруға үміт білдірілді.