АҚШ соты Әблязовтың БТА банктен ақша ұрлап, қаржыны Америкаға заңсыз шығарғанын анықтады

АҚШ соты 115,3 миллион долларды банкир Мұхтар Әбілязовтың «БТА Банк»-тен  ұрлаған қаражаты деп таныды.

Алматы, NEGE. «Сотта ұсынылған дәлелдер АҚШ-тағы Triadou атынан инвестицияланған қаражаттың Әбілязовтың басқа компания арқылы БТА-дан ұрлаған 115,3 миллион долларға тікелей қатысы бар екенін көрсетеді», - деді сот.

31 шілде күні Нью-Йоркте БТА Банк пен Triadou SPV S.A. компаниясына қатысты сот шешім шығарды.

Triadou SPV S.A. компаниясын Әблязов өзі құрған, оны күйеу баласы Ілияс Храпунов басқарған.  

Аталмыш компания БТА Банктен ұрланған қыруар қаржыны алып, Нью-Йорк пен АҚШ-тың өзге қалаларында жылжымайтын мүлікке құйған.  

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді