АҚШ сенаторы қазақтың кеткен есесін қайтарып берді
АҚШ сенаторы Митт Ромни CNN телеарнасына берген сұхбатында Ресейдің мемлекеттілігіне күмән келтірді.
Алматы. NEGE. Оның ойынша, Ресей – мемлекет емес, «жанармай құдығы». Ал АҚШ-қа салмақты қарсылас бола алатын ел болса, ол – Қытай.
«Ресей үлкен қиындыққа тап келді. Қазір бұл ел құлдырау кезеңінде өмір сүріп отыр. Сондықтан төңірегіндегілерге шабуылдап жатыр», – деп АҚШ сенаторы Ресей депутаттарының неліктен қазақ жеріне шүйлігіп жатқанын түсіндіріп берді.