АҚШ сарапшылары: «Ресей ғарышқа соғыс қару-жарағын үйіп-төгіп жатыр»
2017 жылы Еуропаның байланыс жер серігін қиратқан Ресей болуы мүмкін. Байқоңырдан ұшырылған зымырандарды бақылап отырған АҚШ мамандары осындай ұйғарым жасады. Олардың пайымдауынша, Ресей соңғы он жыл ішінде ғарышқа құпия қарулар тасып жатыр. Мақсаты – керек кезінде Батыс елдеріне тиесілі жер серіктерін жою.
Халықаралық қауымдастықты бүгінде жұлдызды соғыс қатерінің қатты алаңдатып отырған жайы бар. 2018 жылы мамыр айында БҰҰ-ның Женева өткен қарусыздану жөніндегі конференцияда да сарапшылар ресейлік жер серіктері туралы сөз қозғаған-ды.
«Кремль ғарышта соғыс жүргізуге әзірленіп жатыр» деген күдігін жасырмаған. Бұған ғарыш аппараттарының ерекше маневр жасауы түрткі болып отыр.
АҚШ мемлекеттік хатшысының қару-жарақтарды бақылау жөніндегі көмекшісі Илим Поблет: «Білмейміз, тексеруге мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ осы жер серіктеріне байланысты Ресейдің ниеті алаңдаушылық тудырады», – деп мәлімдеген.
Күдік тудырып отырған жер серіктері 2017 жылы қазан айында ғарышқа шығарылған. Бастапқыда ол кәдімгі апараттар секілді қозғалған. Бірақ бұрын-соңды болмаған оқыс маневрлер жасау арқылы америкалық мамандардың назарына ілікті. Батыс елдері «Ресей жер серіктері орбитадағы басқа объектілерге қатер төндіреді» деп қауіптеніп отыр.
Ғалымдар келесі соғыстың ғарышта өтетінін әлдеқашан болжаған. Соның бірі британдық ғалым – халықаралық құқық жөніндегі маман Майкл Шмитт.
«Бұдан былай әскери қақтығыстар ғарышқа ауысады. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес», – дейді ол.
Ресейдің жұмбақ жер серігі осындай соғысқа әзірліктің басы деп тұжырым жасаушылардың қарасы көп. Американдық әскерилердің айтуынша, Ресей жер серігі қарсылас елдердің жер серіктерін жоюға арналған. Бұл тек АҚШ-қа ғана емес, басқа Батыс елдерінде де дүрмек тудыруы ғажап емес.
АҚШ қол қуысырып қарап отырған жоқ. Ғарышта әскери операция жасай алатын жаңа қару жасауға әлде қашан кірісіп кеткен
Бұл күмән тудырып отырған алғашқы оқиға емес. Ресей 2014 жылы да орбитаға жұмбақ аппараттар ұшырған. Алғашқыда ол туралы ешкім ештеңе білмеген. Неге дейсіз бе? Жауабы оңай. Орыстар зымыран бортында үш жер серігі болған. Ал төртіншісі жайында тіс жармаған. Бастапқыда ғарыштық тұрғыдан мәнсіз дүние көрінген. Бұл аппарат трассасын күрт өзгерген. Ерекше маневрлер жасай бастаған. Ол басқа ресейлік жер серіктерімен араласып, басқа бір аппаратпен жымдасып кеткен.
Сарапшылардың дені мұны жер серіктерін өлтіретін әскери құрылғы деп атап отыр. Ол орбитадағы аппараттарды істен шығарып тастауға қауқарлы.
«Ол кинетикалық оқшаңтайлармен шабуылдауы немесе кибершабуыл жасауы ықтимал», – дейді америкалық мамандар.
Әскери жер серіктерінің пайда болғаны бүгін емес. Алғашқысын орыстар 1960 жылы жасап шығарған көрінеді. Аппарат «жер серіктерін жойғыш» деп аталған. Ол ғарыштағы нысанаға жақындап, жарылғыш құрылғыны іске қосады. Мамандардың айтуынша, орыстар ескі бағдарламасын қайта қолға алуы мүмкін екен.
Тәуелсіз сарапшылар қара аспанды төндіріп отыр. Олардың пікірінше, осындай құпия жер серіктері орбитада қазір өріп жүруі мүмкін. 2013 жылы орыстар ғарышқа кем дегенде «аппараттарды өлтіретін» төрт жер серігін шығарған.
Естеріңізде болса, 2017 жылы Еуропаның байланыс жер серігі аяқ астынан быт-шыты шыққан. Ол кезде мамандар беймәлім объектімен, яғни ғарыштағы қоқыстармен соқтығысып қалған болар деп топшылаған болатын. Қираған жер серігі жекеменшік компанияға тиесілі болғанымен, АҚШ, НАТО және НАСА-ға қызмет көрсетіп жүрген еді. Өткен ғасырда қиялдан туған жұлдызды соғыс бүгін ақиқатқа айналып отыр.