АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар салмақ

Вашингтонның Мәскеуге қарсы жаңа санкциялары "бірнеше аптада" дайын болады. Бұл туралы Ақ үй өкілі Джен Псаки жұмада журналистерге мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Нұр-Сұлтан, NEGE. "Бірнеше аптада, ай емес", - деді Псаки Ресейге қарсы жаңа санкциялар қашан енгізіледі деген сұраққа жауапта.

Ол ресейлік мәселе "бірнеше компоненттен тұратынын" атап өтті. Олар: сайлауға араласу, хакерлік шабуылдар, сондай-ақ Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың басы үшін берілген марапаттар. Оның айтуынша, әкімшілік осының барлығын алдағы уақытта да талдайды. 

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?