АҚШ президенті әкімшілігінде басшылық қызмет атқарып жүрген қазақ қызы кім?

Әсел Төленова есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы бастығының орынбасары болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде оның экс-президент Барак Обамамен және жаңадан сайланған президент Джо Байденмен түскен фотосуреттері жарияланды.

"Ағайындар" жинағына Әсел Төленованың өмірбаяны енгізілген. Оған сәйкес, Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы АҚШ-тың Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, халықаралық дипломатия мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылдан бастап АҚШ мемлекеттік департаменті протокол басқарушысының сыртқы қатынастар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылы АҚШ президенті протоколы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 

Қазіргі кезде Әселдің тегі өзгерген. Соған қарағанда, АҚШ-та тұрмысқа шыққан болуы мүмкін.  

Осыдан үш жыл бұрын Ақ үйдің ресми сайтында Әсел туралы ақпарат жарияланды. Онда 2017 жылы қазақ қызы Мемлекеттік департаментте протокол қызметін басқарғаны айтылады. Әсел Робертс Ақ үйдегі тағылымдамалар бағдарламасы аясында сөз сөйлеп, өзінің өмірлік тәжірибесі туралы баяндаған. Америкада жетістікке қалай жеткенін де айтып беріпті.  

"Әсел Робертс ханым президенттердің брифингтерін қалай ұйымдастырғанын еске алды. Ол Америкада өз арманыңа жетуге барлық мүмкіндік жасалғанын ерекше атап өтті", - делінген сайтта жарияланған хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған