АҚШ пен Ұлыбритания дипломаттары қаңтар оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы АҚШ пен Ұлыбритания миссиялары Қазақстандағы қаңтар оқиғасының жіті тергелуі керектігін жеткізді.

Алматы, NEGE. Британиялық делегация Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбіт шерушілер мен халықтың тыныштығын бұзған ұйымдасқан қылмыстық топтардың ара-жігін нақты анықтай алғанын алға тартты. Дипломаттардың айтуынша, қаңтар оқиғасы жіті тергелуі тиіс. Ал АҚШ-тың тұрақты өкілі Үкімет пен азаматтық қоғам арасында құрылымдық сұхбаттың маңыздылығын ерекше атап өтті. Вашингтонның арнайы елшісі қазақстандықтардың сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс өткізу құқығын қолдайтынын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр