АҚШ Moderna вакцинасына рұқсат берді

АҚШ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны қолдануға рұқсат берді.

Алматы, NEGE. АҚШ-та коронавируске қарсы тағы бір вакцинаны шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат берілді. Бұл "Модерна" компаниясының екпесі. Бұл,,, осы елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының бекіткен екінші препараты. Бұған дейін Американың реттеуші органы "Файзер" мен "Байонтек" компаниясы бірлесіп жасаған екпені қолдануға рұқсат берген. "Модерна" вакцинасы 18 жастан асқан азаматтарға қолданылады. Билік,,,, бірлестіктен 200 миллион доза екпеге тапсырыс берген. Ал соңғы мәліметке қарағанда АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 17 жарым миллионнан асып, дерттен 313 мың науқас көз жұмған. 

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?