АҚШ Иордан өзенінің батыс жағалауына салынған еврей қоныстарын заңды деп таныды

Америка Құрама Штаттары Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстары мәселесі бойынша өз ұстанымын алғаш рет өзгертті. Бұдан былай Вашингтон оны халықаралық құқықты бұзу деп есептемейтін болды.

Алматы, NEGE. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның сөзіне қарағанда, Америка жай ғана сол жердегі ахуалды мойындаған, батыс жағалаудың мәртебесі Израиль мен палестиналықтардың арасында келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху: «АҚШ тарихи қателікті түзейтін маңызды саяси шешім қабылдады», – деп мәлімдеді. Ал Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббастың өкілі болса: «АҚШ-тың бұл шешімі халықаралық құқыққа қайшы келеді», – деп пікір білдірді. 

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін