АҚШ елшісі мерекемен құттықтады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматы, NEGE. Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елшіліктің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен президент Трамп пен Мемлекеттік хатшы Помпеоға қосыла отырып, Сіздерді аса маңызды ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке құтты болсын», - деді Уильям Мозер.

Кейіннен елші «МузАрт» тобының «Өз елім» әнінің сөздерінен үзінді оқып берді.

«Түлегі сендер, тілегі сендер, тірегі сендер сол елдің. Назары сендер, базары сендер, ажары сендер бұл елдің», - деп АҚШ елшісі әннің сөздерін келтірді.

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті