АҚШ елшісі қазақ тілін үйреніп жатыр
Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер карантинде қазақ тілін үйреніп жатыр. Онлайн сабақтың видеосы елшіліктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. «Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін. Бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын», – дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.