АҚШ бұғатталған ресейлік активтерді Украинаға жібереді

АҚШ-тың Өкілдер палатасы жаңа заң қабылдады. Ол бойынша, Ресейге қарсы салынған санкциялар аясында бұғатталған активтер Украинаға жіберілетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Конгрессмендер Ресей Федерациясының басшылығын немесе заңсыз әрекеттерді қолдаған ресейліктердің активтерін тәркілеуді мақұлдады. Қаражат Украинаны қалпына келтіруге және гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталмақ.

АҚШ Әділет министрлігінің бұл заң жобасын қолдауға дайын екендігі 26 сәуірде белгілі болды. Ал Қаржы министрлігінің басшысы Джанет Йеллен РФ Орталық банкінің активтерін Киевке беруге болатынын не болмайтынын білмейтінін айтқан еді.

Украина аумағында қақтығыс басталғаннан кейін, АҚШ, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания және Жапония Ресейдің Орталық Банкіне қарсы санкциялар енгізіп, оның резервтерін бұғаттап тастаған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді