АҚШ базасына зымыран түсті

Иракта АҚШ пен Ұлыбритания әскери базасы зымыранмен атқыланып, 2 американдық және бір британдық жауынгер қаза тапты.

Алматы, NEGE. Тағы 12 адам жарақат алды. Шабуыл базадан оңтүстікке қарай 5 шақырымдай жерден көлікке орнатылған қару арқылы жүзеге асырылған. Бірақ оны кімдер ұйымдастырғаны белгісіз.

Айта кетейік, Ирактағы АҚШ базасы мен елшілігіне шабуыл қаңтар айынан бастап жиіледі. Оған Америка күштерінің Бағдадта Иран генералы Касем Сулейманиді өлтіруі түрткі болды.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?