АҚШ азаматтарын Қытайға бармауға шақыруда. Ауру жұқтырғандар саны 9 820-ға жетті
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті америкалықтарды Қытайға сапарын кейінге қалдыруға шақырды
Алматы, NEGE. Мемлекеттік департаменті мұны Қытайдағы коронавирус індетіне шалдыққандардың саны реси түрде 9 600-ге жеткенімен түсіндіруде.
Соңғы дерек бойынша, вирустан кемінде 213 адам көз жұмған және 9 692 адам ауру жұқтырған. Әлем бойынша қатерлі індетке шалдыққандардың саны 9 820-ға жетті. Індет құрылықтағы Қытайдан бөлек жер шарының 22 нүктесін жайлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұма күні коронавирусты халықаралық сипаттағы төтенше жағдай ретінде жариялады.
Көптеген ел Қытаймен әуе қарым-қатынасына тыйым салды. British Airways, United Airlines, Air Canada, American Airlines, Air Asia, Cathay Pacific, Air India, IndiGo, Lufthansa,Kenya Airways және Finnair секілді әуе компаниялары Қытайға ұшуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазақстанның Air Astana әуе компаниясы да Қытай қалаларына рейстерін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.