АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония Тынық мұхит альянсын құрды

АҚШ, сондай-ақ Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия мен Жапония Тынық мұхит аймағында Partners in the Blue Pacific (PBP) альянсы құрылатынын жариялады.

Алматы, NEGE. Ұйым Тынық мұхиты аймағының басымдықтарын қолдау және оған кіретін елдердің басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту мәселелерін шешеді, деп хабарлады Ақ үйдің сайты.

"Біз аймақты қолдауда біргеміз. Оны қалай жүзеге асырамыз – Тынық мұхиты өңірлігінің, егемендіктің, транспаренттіліктің, есеп берушіліктің қағидаттарына сәйкес, ең алдымен Тынық мұхиты аралдарының басшылығы бойынша да біз біргеміз", - делінген бірлескен мәлімдемеде.