АҚШ аумағына барған шетел азаматтары карантинде болады
Бұдан былай АҚШ-қа барған әр шетел азаматы карантинде отырады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден хабарлады. Құрама штаттардың эпидемиолог мамандары оқшаулану мерзімін кемінде 7 күннен бастауды ұсынып отыр. Мемлекет басшысы оларға ауру белгілері байқалған шетел азаматтарын жіті назарда ұстауды міндеттеді. Ал федералды билік өкілдеріне қоғамдық көлікте маска тағу режимін енгізу жөнінде талап қойды.
- Вирустың мутацияға ұшырауына байланысты АҚШ аумағына кірген жолаушыларға қатысты қосымша шектеу шараларын енгізіп отырмыз. Маска тағу режимінен басқа шет ел азаматтары ПТР-тест анықтамасын көрсетіп, карантинде отырып шығулары керек, - деді Джо Байден.