АҚШ: Әуежайлар жаппай жабылуда

АҚШ-тағы бес әуежай аязды ауа райы мен елдің оңтүстігі мен батыс бөлігіндегі қарлы боранға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты, – деп хабарлайды Simple Flying.

Алматы, NEGE. Техас, Луизиана және Миссисипи штаттарында ауа райының күрт салқындауы мен нашарлауына байланысты бес әуежай жабылып, жұмысын тоқтатты, олардың екеуі халықаралық, үшеуі аймақтық. Елде 3,7 мыңнан аса рейс тоқтады.

Джордж Буш атындағы құрлықаралық әуежайының Twitter-парақшасында әуеайлақ Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00-ге дейін жабылатыны хабарланды.

Жолаушыларға әуежайға келмеуді ескертті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды