АҚШ әскерилері екі базаны тастап шықты

Иран жауап ретінде АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасын зымыранмен атқылаған соң америкалық әскерилер Сирияның солтүстік-шығысындағы екі әскери базадан кетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Алматы, NEGE. SANA агенттігінің хабарлауынша, әскери техника тиелген 40 жүк көлігі Хасеке провинциясындағы Хораб-Джейр базасынан шығып, Иракқа қарай бет түзеген. Сондай-ақ, Шаддади қаласынан шыққан 50 жүк көлігі де Иракпен шекарадағы өткізу бекетіне келген. Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, АҚШ әскерін тұтастай шығарып әкетудің жолын қарастырып жатыр. Алайда мұндай деректің қайдан шыққаны белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін