АҚШ Украинаға әскери көмек беруді тоқтатады

Бұл туралы Америка президентінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді.

AP Photo / Patrick Semansky

Алматы, NEGE. Fox News арнасына берген сұхбатында Левитт АҚШ-тың негізгі басымдығын тағы бір мәрте еске салды. Ол – бейбіт келіссөздер. Ал Украина президенті өз ұстанымынан қайтпай отыр.

"Трамптың әкімшілігі Украинадағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтатады. Себебі негізгі басымдық – бейбіт келіссөздер. Бұдан былай біз нағыз әрі мықты бейбітшілік болмаса, алыста жатқан елдегі соғысқа чек жазып беруді доғарамыз", - деді Левитт.

Айта кетері, 28 ақпанда Зеленский мен Трамп Ақ үйде кездескен болатын. Сирек кездесетін металдар бойынша келісімге қол қойылады деген жоспар да болды. Алайда Зеленский алдымен АҚШ вице-президенті Джей Ди Венспен дауласып қалды, одан кейін Трамппен пікір таласты. Осыдан кейін Зеленский Ақ үйден уақытын бұрын кетіп қалды.

Қазір оқып жатыр

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды