3 декабря 2025 г. 12:43

Илон Маск АҚШ-тың келесі президентіне қатысты болжам жасады

Фото: msn.com

Илон Маск АҚШ-тың келесі президенті атануы ықтимал тұлғаны атап, пікір білдірді

Астана, NEGE. Маск бұл пікірін АҚШ үкіметінің тиімділігін арттыруға жауапты ведомство қызметкерлерімен өткен құпия бейнеконференцияда білдірген. Онда ол елді «ұлы 12 жылдық кезең» күтіп тұр деп атап өткен. Бұл болжам Дональд Трамптың қазіргі мерзімі мен Джей Ди Вэнстің ықтимал екі президенттік кезеңін меңзейді.

Қазір Илон Маск Вэнспен жақсы қарым-қатынаста, ал Трамппен арасы бұрынғыдай емес. 2028 жылғы сайлауға қатысты Вэнс нақты жоспарын жарияламады. Ал Конституция талабына сай Дональд Трамп үшінші мерзімге түсе алмайды.

Бұған дейін Маск өзіне, Трампқа және Вэнске қастандық жасалуы мүмкін екенін де айтқан. Bloomberg мәліметінше, оның байлығы 450 млрд доллар шамасында, әлемдегі ең бай адамдар қатарында.

Айта кетейік, қазіргі таңда Джей Ди Вэнс – АҚШ-тың вице-президенті.