АҚШ-та Ақ үйдің алдында атыс болды

АҚШ президенті Дональд Трамптың резиденциясының алдында оқ атылып, атыс болды.

AP / Evan Vucci

Алматы, NEGE.  Bild басылымның мәліметінше, Ақ үйге жақын жерде белгісіз біреу оқ жаудырды. АҚШ құпия қызметінің офицерлері шабуылдаушыны жаралап, қарсы оқ атты. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Вашингтонға АҚШ президентінің резиденциясына Индиана штатынан келген.

Оқиғада шабуылдаушыдан басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридада болған.

Полиция оқ атылғанға дейін суицидке бейім ер адам туралы қоңырау түскенін айтты. Тәртіп сақшылары Ақ үй маңындағы көліктен осы сипаттамаға сәйкес келетін ер адамды тапқан.

«Офицерлер жақындаған кезде ол атыс қаруын шығарып, нәтижесінде қарулы қақтығыс болды», – деді АҚШ-тың құпия қызметі.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, бірақ оның жағдайы туралы дерек жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр